Accessibility links

Украина азаматтарының 78 пайызының жақыны соғыста жараланған не қаза болған


Украина азаматтарының 78 пайызының соғыста қаза болған не жараланған туысы не досы бар. Киев халықаралық әлеуметтану институты жүргізген зерттеу қорытындысы осыны көрсеткен.

Сауалнамаға сәйкес, респонденттардің 63 пайызының соғыста кемінде не жақын туысы не досы қаза болған. Украинаның барлық аймағында орташа есеппен сұралғандардың жауабы бірдей.

Сауалнама 26 мамыр мен 5 маусым аралығында ұялы телефон нөмірлерін кездейсоқ теру арқылы жүргізілген. Әлеуметтанушы ғалымдар осылайша 18 жастан асқан 2 013 респонденттен жауап алған. Зерттеуге Қырым, Севастополь және Донецк пен Луганск облысының жекелеген аудандары қатыспаған. Бұған қоса, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін шетелге кеткен азаматтар да сұралмаған.

  • Украина билігі Ресей сияқты соғыста қанша әскерін жоғалтқанын айтпай келеді. Қаза болған бейбіт тұрғындар бойынша мәліметті БҰҰ жариялап жүр. Оған сәйкес, былтыр ақпаннан бері Украинада 9 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза болған, 16 мыңға жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, қаза болғандар мен жараланғандар бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG