Accessibility links

Телеграм-каналдар Пригожинге қарасты "тролль фабрикасы" таратылғанын хабарлады


Евгений Пригожин 24 маусымда кешке Дондағы Ростов қаласында автокөлікте кетіп бара жатқанда түсірілген фото. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
Евгений Пригожин 24 маусымда кешке Дондағы Ростов қаласында автокөлікте кетіп бара жатқанда түсірілген фото. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Ресейдегі "Вагнер" жеке меншік компаниясын құрған бизнесмен Евгений Пригожин "Патриот" медиахолдингін (көпшілік "тролль фабиркасы" атап кеткен оның құрамына РИА ФАН, "Народные новости" және өзге басылымдар кіреді) таратқан. Бұл туралы өз дерек көздеріне сүйеніп "Ротонда" және Mash телеграм-арналар хабарлады. Әзіре бұл ақпаратты ешкім ресми түрде растаған жоқ.

"Патриот" медиахолдингінің құрамына кіретін "Невские новости" басылымы редакциясы жұмысын доғаратынын хабарлап, оқырмандарымен қоштасты.

Ресейдің "Коммерсантъ" басылымы Пригожинге қатысы бар медиаларды Роскомнадзор бұғаттағанын жазды. Не себепті екенін айтпаған.

Бейсенбі күні The Bell басылымы дереккөздеріне сүйеніп, "Патриот" медиахолдингінің меншік иесі ауысуы мүмкін деп хабарлаған.

Өткен аптаның аяғында Пригожин өзіне бағынышты "Вагнер" жалдамалы әскер тобымен бірге "бүлік бастаған" кезде оған қарасты медиа құрылымдарды ресейлік "Новости" ақпарат агенттігі мен "Комсомольская правда" басылымының Санкт-Петербургтегі бұрынғы қызметкері Илья Горбунов басқарып тұрған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG