30 маусымда Кишинев әуежайында шетел азаматы оқ атып, екі адам қаза болды. Бұл жөнінде Молдованың ішкі істер министрлігіне сүйенген Азаттықтың Молдова қызметі хабарлады.
Ведомствоның айтуынша, шабуылдаушы ұсталған, оның жарақаты болған. ІІМ-нің хабарлауынша, оған Молдоваға кіруге рұқсат бермеген. Оны қарауылмен рейс күтетін аймаққа апара жатқан кезде ол шекарашының тапаншасын тартып алып, екі адамға оқ атқан. Екеуі де қаза болған.
Кейін шабуылдаушы 43 жастағы Тәжікстан азаматы екені анықталған. Оны қауіпсіздікке байланысты Молдоваға кіргізбеген. Ол шекарашы мен әуежайдың қауіпсіздік қызметінің өкіліне оқ атты, деді премьер-министр Дорин Речан. Тағы бір жолаушы жараланған, ол ауруханаға түскен.
Терроризм бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. ІІМ шабуылдаушы жауапқа тартылатынын айтты.
Кишинев әуежайындағы барлық рейс шегерілген, жолаушылар ғимараттар эвакуацияланған.