Accessibility links

Чувашия прокуроры Еділ өзеніндегі жүзу жарысында суға батып кетті


Ресей құрамындағы Чувашия республикасының прокуроры Андрей Фомин.

Ресей құрамындағы республика Чувашияда прокурор Еділ өзеніндегі жүзу жарысы кезінде суға батып кетті. Бұл жөнінде Baza және Mash басылымдары хабарлады. 57-жастағы Андрей Фомин прокурор қызметіне 2020 жылы тағайындалған. Оған дейін аннексияланған Қырымда жұмыс істеген.

Ол жақта Ресей тағайындаған прокурор Наталья Поклонскаяның орынбарасы болған. Поклонская мемлекеттік думаға сайланғаннан кейін оның орнына келген.

Baza-ның жазуынша, Фомин Чебоксарыдағы chebswim жарысына қатысқан. Прокурор 2 шақырым 200 метр қашықтықтан жүзуі тиіс болған. Жартысына келгенде жағдайы нашарлаған.

  • Наталья Поклонская былтыр Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін жұрт алдына шықпай қалды. Ол соғысты сынап, Z таңбасы Ресей үшін де, Украина үшін де қайғы-қасіреттің таңбасы деген. Владимир Путин оны "Россотрудничество" жетекшісінің орынбасары қызметінен алған. Қырым мемлекеттік кеңесі сол кезде оны мемлекеттік марапаттарынан айыруы мүмкін екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG