Accessibility links

Ресей әскері Украина астанасын дрондармен атқылады


Киев соңғы 12 күн ішінде бірінші рет дрондар шабуылына ұшырады. Барлығы атып түсірілді деп хабарлады Киев қалалық әскери әкімшілігінің жетекшісі Сергей Попко. Әзірге толық емес мәлімет бойынша Киевке ирандық "Шахед" дрондарымен шабуыл жасалған.

Киев облысы әкімшілігінің жетекшісі Руслан Кравченко дрондар шабуылы жексенбіге қараған түні жасалғанын айтты. Оның сөзінше, қандай да бір нысанға түскені туралы мәлімет жоқ. Алайда екі ауданда дрон қалдықтары үш жеке үйге түсіп, бүлдірген. Бірінде өрт болып, сөндірілген. Қалған екі үйдің шатыры мен терезелері, алдыңғы жағы бүлінген. Бір адам жараланған.

РБК Украина 2 шілдеге қараған түні Ресей әскері Украин аймақтарын ирандық "Шахед" дрондары және "Калибр" қанатты зымырандарымен шабуылдағанын жазды. Барлығы атып түсірілген деп айтылады.

Тегеран соғыс басталғалы бері Ресейге дрон бергенін жоққа шығарған.

  • Мамырдың ортасында АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Джон Кирби "Вашингтон мәліметінше, 2022 жылдың тамыз айынан бері Иран Ресейге шамамен 400 дрон жеткізген" деп мәлімдеген. Кирбидің айтуынша, маусым айында АҚШ-та Иранның Ресейде дрон шығаратын зауыт салғысы келетіні жөнінде ақпарат пайда болған. Оның айтуынша, Тегеран мен Мәскеу ортақ кәсіпорынды соғысқа жақын аймақтарда орналастырғысы келеді. Ресей билігі Ираннан дрон алғанын мойындамай келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG