Accessibility links

Ресейде соғысқа қарсы шыққан адамды психиатрия клиникасына жібереді


Ресейдің Владивосток қаласында "армияның беделіне нұқсан келтірді" деп айыпталған тұрғын Сергей Тохтеевті сот психиатрия клиникасына жіберді. Бұл жөнінде Тохтеевтің өзі Сибирь.Реалии сайтына хабарлап, сот шешімінің көшірмесін жіберді. Белсенді 30 күн "психиатрия сараптамасынан өтуі үшін" стационарда болуы керек.

Тохтеевті медицина мекемесіне жіберуді Уссурийскідегі тергеуші талап еткен. Белсендінің үстінен "Ресей армиясының беделіне нұқсан келтіру" бойынша бес қылмыстық іс ашылып, кейін бір өндіріске біріктірілген. Оған Тохтеевтің "Вконтакте" желісіндегі соғысқа қарсы жазбалары түрткі болған.

"Бес емес, одан да көп жазба болған, бірақ олар бесеуін таңдап алып, әрқайсысына іс қозғады. Мен негізі текстерді Телеграмнан, журналист Александр Невзоров пен Денис Казанскийдің айтқандарынан алғанмын" деді Тохтеев Сибирь.Реалии сайтына.

Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйқамақта отыр. Оны өзіне тағайындалған адвокатты қорғап отыр. Шешімге сәйкес, белсендіні Уссурийск психиатрия ауруханасына 3 шілдеде алып кетуі тиіс.

Полиция алғаш рет Тохтеевтің үйіне биыл ақпанда келген. Өзінің айтуынша, сол кезде ІІМ қызметкерлері одан бар техникасы тәркілеп алған, оған күш те қолданған. Белсендінің айтуынша, сол уақыттан бері әлеуметтік желідегі парақшасына кіре алмай қалған. Оның аккаунт байланған барлық гаджеттері мен сим-карталарын тәркілеп алып кеткен.

Тохтеевке қарсы қылмыстық іс алғаш рет 2022 жылы мамырда "Вконтакте" желісіндегі жазбасы үшін қозғалған. Ол кезде оған 30 мың рубль айыппұл салған. Белсенді айыппұлды төлемеді.

  • Ресейде "орыс армиясының беделіне нұқсан келтіру" бабы былтыр ақпандағы басқыншылықтан кейін пайда болған. Ресейде Украинадағы "әскери операцияны" соғыс деп атаған адам да осы баппен жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл бап бойынша 50 мың рубльге дейін айыппұл салынады, егер қайталанса, қылмыстық іске айналып, бес жыл түрме жазасы берілуі мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG