Accessibility links

"Россия 1" эфирінде "Вагнер" жалдамалыларына Ресей жүздеген миллиард рубль бөлгені айтылған


"Вагнер" жалдамалыларының басшысы Евгений Пригожин
"Вагнер" жалдамалыларының басшысы Евгений Пригожин

Ресей бизнесмені Евгений Пригожин басқарған "Вагнер" жеке әскери компаниясына мемлекет 860 миллиард рубль бөлген. Бұл ақпаратты "Россия 1" мемлекеттік телеарнасының жүргізушісі Дмитрий Киселёв "Вести недели" бағдарламасының эфирінде айтқан.

Киселёв сөзінше, Пригожиннің "Конкорд" холдингі өзге де келісімшарттар бойынша 845 миллиард рубль алған. "Бұл - бизнестің ақымы мен амбицияның ауқымын көрсетеді" деген Кисилевтің сөзін Риа Новости таратқан.

Киселёв аталған мәліметтерді қайдан алғанын айтпаған.

Пригожин бүлігі басылған соң, 27 маусымда Владимир Путин "Вагнер" жалдамалыларын толығымен мемлекет қаржыландырғанын жариялаған болатын. Оның сөзінше, 2022 жылдың мамыр айынан 2023 жылдың мамырына дейінгі аралықта "Вагнерге" 86 миллиард рубль бөлінген. Пригожиннің "Конкорд" компаниясы әскерге азық-түлік жеткізуге арналған келісімшарт бойынша 80 миллиард рубль пайда көрген. Сақтандыру төлемі үшін 110 миллиардтан астам рубль берілген.

  • Украинадағы соғысқа дейін Ресей билігі "Вагнер" жалдамалыларын қаржыландырып отырғанын құпия ұстап келген. Украинада соғыс басталған соң "Вагнер" қатарына жалдамалылар ашық шақырыла бастаған.
  • Пригожин бүлігінен кейін Ресей билігі "Вагнер" ықпалын азайтуға кіріскенге ұқсайды. Жалдамалыларға Ресей қорғаныс министрілігімен келісімшарт жасасу ұсынылған.
  • 2 шілдеде Ресей қорғаныс министрлігі "Конкордпен" келісімшартын үзген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG