Польша-Беларусь шекарасына Варшава 500 полицей жібереді. Мұны Польша ішкі істер министрі Мариуш Каминьский айтты.
Қазірдің өзінде шекараны Польшаның бес мың шекарашысы мен екі мың жауынгері күетіп тұр. Қосымша күш шекарадағы жағдайға байланысты жіберілген.
Бұған дейін Польша билігі Ресейдегі "Вагнер" әскери жеке компаниясы Беларусь жеріне ауыстырылған соң қауіпсіздікті күшейтетінін хабарлаған. Польша президенті Анджей Дуда "Вагнердің" Беларусь жеріне келгені өте қауіпті белгі" деген еді.
- Ресейде Александар Лукашенконың араласуымен Пригожин бүлігі тоқтаған соң, "Вагнер" әскери жеке компаниясы Беларусь жеріне өтетіні хабарланған.
- Таяуда БАҚ-та Беларусь республикасының Могилевский облысындағы ауылда тұрған ескі әскери бөлім орнында лагерь пайда болғаны туралы спутник суреттерін жариялаған.
ПІКІРЛЕР