Қырғызстан конституциялық соты шілденің үшіне балаға анасының ата-тегін беру туралы шешімін түсіндірді. Конституциялық сот бұған дейін кәмелет жасына толған азамат (18 жасқа толған және одан асқан) әкесі мен анасының қайсысының ата-тегін алатынын таңдауға құқығы бар дейтін шешім қабылдаған.
Конституциялық сот белсенді Алтын Қапалованың "буллинг" қаупіне байланысты кәмелекет толмаған балаларына әкесінің орнына анасының атын жазу туралы өтінішін орындаудан бас тартқан.
"Алайда кәмелетке толған азамат түрлі жағдайдарға байланысты әкесінің ата-тегін алып жүргісі келмесе, анасының ата-тегін таңдауына болады. Бұл шешім қоғамымыздың ата-тек таңдаудағы салт-дәстүріне қайшы келмейді", - деп мәлімдеді Қырғызстан конституциялық соты.
2021 жылы белсенді Алтын Қапалова балаларының туу туралы куәліктерін өзгертіп, әкесі көрсетілетін графаға өз атын жаздырған. Алайда бұл іс дауға айналып, 2021 жылы тамызда сотқа жеткен. Бішкек соты әкесінің орнына анасының атын жазу туралы шешімнің күшін жойған.
Алтын Қапалова "әке мен ананың құқықтарын тең көрмей отыр" деп арызданған соң 2023 жылы ақпанда Қырғызстан конституциялық соты Алтын Қапалаваның өтінішін өндіріске алған.
ПІКІРЛЕР