Accessibility links

Ресей соты әскери комиссариатты өртегісі келген жасөспірімді 6 жыл бостандығынан айырған


Ресейдің Дондағы Ростов қаласының соты "әскери комиссариатты өртеуге дайындалды" деген айыппен 17 жастағы жасөспірімді алты жылға бостандығынан айырған.

Жергілікті БАҚ мәліметіне қарағанда, жасөспірім 2022 жылы Дондағы Ростов қаласына Красноярскіден келіп, "экстремистік ұйымға қосылған, әскери комиссариатты өртеу үшін жанғыш сұйық құйылған 13 бөтелке әзірлеген".

  • Ресей Украинаға басып кірген соң, әсіресе Владимир Путин Ресей азаматтарын ішінара мобилизациялау туралы жарлық шығарғаннан кейін әскери комиссариаттар мен полиция бөлімдерін және әкімшілік ғимараттарды өртейтіндер көбейген. Бүгінге дейін мұндай жүзге жуық оқиға болған.
  • Бастапқыда мұндай әрекеттер бұзақылық бабы бойынша қарастырылған. Кейіннен Ресей оны теракт ретінде бағалап, 15 жылға дейін жазалауға көшкен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG