Accessibility links

Италия Ресейдің 2,5 миллиард доллар активін бұғаттаған


Ресей президенті Путин миллиардер Әлішер Усмановты марапаттап тұр
Ресей президенті Путин миллиардер Әлішер Усмановты марапаттап тұр

Сейсенбіде Италияның Орталық банкі Ресей Украинаға басып кіргелі осы ел олигархтарының 2 миллиард еуро (2,5 миллиард АҚШ доллары) активін бұғатттағанын мәлімдеді.

Италия үкіметі Еуропа одағының Кремль мен Путиннің айналасындағыларға салған санкциясы шеңберінде банк шоттарын, зәулім сарайларды, яхталар мен қымбат автомобильдерді кәмпескелеген деп хабарлайды Reuters.

Италия Орталық банкінің ақша жылыстатумен күрес бөлімі санкция бойынша мәлімтттер 2023 жылдың маусымы соңында жаңартылғанын хабарлаған. Бөлім директоры Енцо Серата 330 миллион долларға жуық бұғатталған қаржы 80-не астам жеке тұлғаларға тиесілі екенін атап өткен.

2022 жылы ақпанда Ресей жаппай басып кіргенге дейін Италия жағажайлары мен порттары Ресей олигархтары жаппай пайдаланатын орындарға айналған. Санкияға ілінген кей олигархтар апелляциялық шағым түсірген. Оның ішінде Ресей миллиардері Әлішер Усманов та бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG