Accessibility links

Британия әскерінің қолбасшысы: Ресей әскери потенциалының жартысынан айырылды


Ұлыбритания әскерінің қолбасшысы, адмирал Энтони Радакин.
Ұлыбритания әскерінің қолбасшысы, адмирал Энтони Радакин.

Ұлыбритания әскерінің қолбасшысы, адмирал Энтони Радакин Ресей Украинадағы соғыста әскери потенциалының жартысынан айырылды әрі Ресей әскерінің қазір ірі шабуылға шығуға күші жоқ деп мәлімдеді. Financial Times газетінің жазуынша, ол бұл сөзіне парламенттегі отырыста айтқан.

Британ адмиралының есебінше, Ресей Украинадағы соғыста 2500 танкісінен айырылып, он миллион снаряд жұмсаған.

"Ресейдің әскери өндрісі жылына бір миллион снаряд және екі жүз танк ғана шығара алады" деген Радакин.

Британиялық адмирал Украинаның қарымта шабуылы баяу жүріп жатқанын, бірақ Киевтің негізгі қарымта шабуылы әлі алда екенін айтқан. Оның пікірінше, Украинаның қарымта шабуылдағы мақсаты – қарсыласының әскерін шаршату және майдан шебін ұзарту.

"Майдан шебін мың шақырымнан асыру Украинадан гөрі Ресейге мәселе болады. Ал Ресейдің көп жерді миналап тастауы және әуедегі әлсіздік Украина әскеріне кедергі болып тұр. Бұған қоса, Украина Батыстағы серіктестерінен сұраған қаруларды толық алған жоқ" дейді ол.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG