Өткен түні Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 332 шақырым қашықта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мекемесінің мәліметінше, 6 шілде Астана уақытымен сағат 1.25-те болған жер сілкінісінің эпицентрі Қытайдың Шыңжаң аумағында.
Энергетикалық класы – 10.7. Магнитудасы (MPV) – 4.6. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
ПІКІРЛЕР