Accessibility links

Зеленскийдің Прагаға сапары: Чехия Украинаның НАТО мен ЕО-ға мүше болуын қолдайды


Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта) мен Чехия президенті Петр Павел (оң жақта) Прагадағы баспасөз мәслихатында. 6 шілде 2023 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта) мен Чехия президенті Петр Павел (оң жақта) Прагадағы баспасөз мәслихатында. 6 шілде 2023 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы алғаш рет Прагаға келіп, Чехия президенті Петр Павелмен және Чехия премьер-министрі Петр Павелмен кездесті.

5-6 шілдедегі сапар кезінде Зеленский "НАТО 11-12 шілдеде Вильнюста өтетін саммитінде Украинаны альянсқа шақырады деп үміттенеміз" деп мәлімдеді.

"Бізге бастысы НАТО-ға шақырту керек, бізге мотивация және Украина мен НАТО арасындағы қарым-қатынасты белгілейтін шынайылық керек" деді Зеленский.

Чехия президенті Петр Павел Зеленскиймен кездесуден соң болған баспасөз мәслихатында "соғыс аяқталған соң Украинаның НАТО-ға мүше болуы үшін келіссөзді бастау керегін" айтты. Ол Чехия Украинаның Еуропа одағына да мүше болуына мүдделі екенін жеткізді.

Зеленский Чехия премьері Фиаламен кездесуде "Украина әскері алысқа ұшатын қаруға зәру екенін" айтқан.

"Алысқа бағытталған қаруларсыз қарымта шабуылға шықпақ түгіл қорғанысты ұстап тұру қиын" деді Зеленский баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, Украина президенті биыл Украинаның Еуропа одағына мүшелігі бойынша келіссөзді бастау маңызды екенін атап өткен. Фиала Украинаның НАТО мен Еуропа одағына мүшелігін қолдайтынын, "Украинаның қауіпсіздігі – бүкіл Еуропаның қауіпсіздігі" екенін айтты.

Зеленский сапары кезінде Чехия Киевке әскери ұшақтар мен қару-жарақ беретінін растады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG