БҰҰ есебінше, соғыс басталған уақыттан биылғы жылдың 30 маусымы арасында Украинада 9177 бейбіт тұрғын қаза тапқан және 15993 бейбіт адам жараланған. Қаза тапқандардың 535-і, жараланғандардың 1095-і – балалар.
БҰҰ бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бұдан да көп болуы мүмкін деп санайды. Ұйымның миссиясына Ресей оккупациялаған аумақтардан ақпарат алуы қиын. Мәселен, бұл статистикаға Мариуполь, Лисичанск, Северодонецкте қаза тапқандар мен жараланғандар енбеген.
Соғыс кезінде қаза болған және зардап шеккен тұрғындардың көбі – Донецк, Харьков, Киев, Херсон және Луганск облыстарында.
Бейбіт тұрғындардың 90 пайызы ракета шабуылдары мен бомбалаудан қаза болған я жараланған. Одан кейінгі орында оққа ұшу мен мина жарылу.
ПІКІРЛЕР