Accessibility links

Журналистер Украинадағы соғыста қаза тапқан 27 мың ресейлік әскеридің есімін анықтады


ВВС сайтының Орыс қызметі мен "Медиазона" сайты еріктілермен бірігіп, Украинадағы соғыста қаза болған 27 423 ресейлік әскеридің аты-жөнін анықтады. Журналистер жаңа статистиканы 7 шілдеде жариялады.

Зерттеуде кемі 240 жоғары шенді ресейлік офицердің соғыста қаза болғаны айтылады. Зерттеу авторлары "бұл соғыста қаза тапқан ресейлік әскерилердің толық саны емес, қаза болған әскерилер бұдан да көп" дейді.

Журналистер соғыста 5211 сотталушы опат болғанын анықтаған, олардың басым бөлігі "Вагнер" жеке әскерінің қатарында соғысқан. Зерттеуде мобилизациямен соғысқа барғандар арасында 2275 адам қаза тапқаны айтылады. Олардың 60 пайызы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері қаза болған.

"Шынайы цифр бұдан екі есе болуы мүмкін. Сондықтан соғыста 55 мың ресейлік әскери қаза тапты деп бағалауға болады. Ал қаза тапқандар мен жараланғандардың санын қоса есептегенде Ресей әскерінің шығыны 247 мың адамды құрауы мүмкін" дейді зерттеу авторлары.

Кремль ұзақ уақыттан бері Украинадағы соғыста қаза тапқан солдаттарының санын жарияламай келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG