Accessibility links

Мобилизациямен әскерге алынып, алғы шепке барудан бас тартқан солдаттарды ас-сусыз қамап тастаған


Жертөледе отырған Ресей солдаттары. Курск аймағы
Жертөледе отырған Ресей солдаттары. Курск аймағы

Приморье аймағынан, Камчатка мен Сахалиннен мобилизацияланғандардың туыстары Ресей қорғаныс министрлігі мен өз аймақтарының басшыларының үстінен шағымданып, Украинадағы соғыстың алғы шебіне барудан бас тартқан 60-жеке мотоатқыштар бригадасының солдаттарын бірнеше күн ас-сусыз жертөлеге қамап, содан соң белгісіз жаққа әкеткенін хабарлаған. Қазір олармен байланыс жоқ дейді Сибирь.Реалии басылымы.

Туыстары сөздеріне дәлел ретінде видео жариялаған, онда жертөледе бірнеше адамның отырғаны көрінеді.

Туыстарының айтуынша, командирлері мобилизацияланғандарды "қайта оралмайтын шабуылға" жіберуге уәде берген. Ал солдаттар әскерге алынғанына тоғыз ай болса да дайындықтан өтпеген.

  • Өткен жылдың қараша айында Владимир Путин ішінара мобилизацияланғандар ұрыс қимылдарына қатыспайды деген болатын. Мұны Ресей қорғаныс министрлігі де растаған.
  • Алайда майдандағы көптеген жайттар мобилизациямен әскерге алғандарды бірнеше күннен соң-ақ дайындықсыз алғы шепке жібергенін көрсеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG