Accessibility links

The Wall Street Journal: Польша Украинаға Ми-24 тікұшақтарын берген болуы мүмкін


Украина қарулы күштерінің Ми-24 тікұшағы
Украина қарулы күштерінің Ми-24 тікұшағы

Польша Украинаға Ми-24 тікұшақтарын берген болуы мүмкін. Бұл жөнінде Американың The Wall Street Journal журналы өз мәліметтеріне сүйеніп хабарлады. Бұған қарағанда, СССР өндірісінен шыққан тікұшақтар берілгені ресми түрде айтылмаған. Бұған дейін Польша мен Словакия Украинаға совет өндірісінен шыққан МиГ-29 жойғыш ұшақтарын берген.

Тікұшақтар Украина қарулы күштерінің шабуылына көмек үшін берілген дейді The Wall Street Journal.

6 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскийдің Прагаға барған ресми сапарында Чехияның Киевке әскери тікұшақтар беретіні мәлім болған.

Мұнан өзге, чех ұшқыштары АҚШ өндірісінен шыққан F-16 жойғыш ұшақтарын басқаруды украин ұшқыштарына үйретуге қатысатын болады. НАТО елдері бұл ұшақты Киевке беру мәселесін талқылап жатыр, бірақ The Wall Street Journal жазуына қарағанда F-16 ұшағының Киевке биыл жете қоюы екіталай.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Еуропа одағы елдері Украинаға бас-аяғы 70 миллиард доллардан астам көмек берген. Оның 15 миллиардтан астамы әскери көмек.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG