Accessibility links

Рыбакина Wimbledon жарысының ширек финалына шықты


Рыбакина биылғы Wimbledon жарысында.
Рыбакина биылғы Wimbledon жарысында.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 3-ракеткасы) Лондонда өтіп жатқан Wimbledon жарысының ширек финалында шықты. Төртінші айналымда Рыбакинаның қарсыласы бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя (13-ракетка) жарақатына байланысты ойыннан бас тартты. Бірінші сетте 4:1 есебімен қазақстандық теннисші алда келе жатқан.

"Матчтың осылай аяқталғаны өкінішті, қиын жағдай. Беатрис тез жазылып, қатарға қосылады" деп ойлаймын деді матчтан соң Рыбакина.

Қазақстан теннисшісі ширек финалда Петра Квитова (Чехия) – Онс Жабер (Тунис) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды. Рыбакина алғашқы раундта америкалық Шэлби Роджерсті, екінші айналымда француз Ализе Корнені, үшінші айналымда британиялық Кэти Бутлерді жеңген еді.

Елена Рыбакина былтыр Wimbledon жарысында жеңімпаз атанған. Ол финалда Онс Жаберден басым түскен.

"Мәскеулік теннисші". Ресей Рыбакинаның жеңісін қалай қабылдады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG