Ресей түрмесінде отырған оппозиционер Алексей Навальныйға жүз күннен бері Путиннің ақпандағы жолдауын күн сайын тыңдатқан. Бұл хабар дүйсенбіде оппозиционердің әлеуметтік желідегі парақшасына шыққан.
Навальный радионы емес, Путиннің жолдауын не үшін қайталап қоса беретінін түсіндіруді сұрап, сотқа шағымданған. Сот оған "тәрбие жұмысы" деп жауап берген.
№6 түзеу колониясының анықтамасында Путин жолдауы сотталғандардың бойында заңды, адамды, қоғамды, еңбекті құрметтейтін мінез-құлық нормаларын қалыптастыру үшін қосылатыны жазылған.
- Алексей Навальный "алаяқтық жасады" деген айыппен тоғыз жылға сотталып, қатаң режимдегі колонияға жіберілген. Навальныйдың өзі де, құқық қорғаушылар да мұның саяси астары бар деп санайды.
- 19 маусымда Навальныйдың үстінен жаңа сот процесі басталып, оған Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша айып тағылған. Ең ауыры - "экстремистік ұйым құрды" деген айып.
ПІКІРЛЕР