Accessibility links

2037 жылға дейін президент болуға мүмкіндік алған Шавкат Мирзияев 12 хоким мен 5 шенеунікті қызметінен алды


Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев
Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев

Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы жексенбіде өткен президент сайлауында жеңімпаз деп жариялаған Шавкат Мирзияев 10 аудан мен екі қаланың хокимін және бес шенеунікті қызметтерінен алған.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Мирзияев бұл шешімін 11 шілдеде өткен жиында жариялаған.

Науаи мен Янгиюль қаласының хокимдері, Әмудария, Қорғантепе, Бұхара, Миришкор, Шырақшы, Хатыршы, Пайарық, Ақалтын, Гүлістан және Аққорған аудандарының хокимдері орнынан алынған, Мирзияев оларда инвестициялық климат қанағаттанарлықсыз деген баға берген.

Мирзияев мұнан өзге автожол комитетінің төрағасы Абдурахмон Абдуәлиевті, "Узбекистон темир йуллари" компаниясының басшысы Хуснитдин Хосиловты, "Узсувтаъминот" компаниясының басшысы Сахиб Саифназаровты, Су шаруашылығы мен көлік министрінің орынбасарлары Бахтияр Камалов пен Абдусамат Муминовты лауазымдарынан босатқан.

Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы 11 шілдеде Өзбекстан президентін мерзімінін бұрын сайлау қорытындысын бекітіп, Шавкат Мирзяевтың 87,05 пайыз дауыс "алғанын" растады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG