Accessibility links

Зеленский: Украинаның НАТО-ға кіру мәселесін ешкім ешкіммен саудаға салмайды


Владимир Зеленский
Владимир Зеленский

Вильнюстегі НАТО саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз жиынында Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның НАТО-ға беттегенін, бірақ альянсқа соғыс аяқталған соң ғана алынатынын айтты. Зеленский "Жетілік елдері" Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беретін декларацияға қол қойғанына разылығын білдірді.

"Елдегі жағдай тұрақталысымен Украина НАТО-ға қабылданады. Декларацияда қауіпсіздік шартының көрсетілгені мен үшін маңызды еді", - деді Зеленский.

"Украинаның НАТО-ға мүше болу, болмау мәселесін ешкім ешкіммен саудаға салмайды. Бәрі соңына дейін шын ықыласын білдірді ме, жоқ па білмеймін, бірақ бүгінде бізге көмектесіп жатқан серіктестерімізге сенеміз",- деді ол.

Оның сөзінше, НАТО мүшесі болғанша Украина өз жерінде НАТО әскерін орналастыруға мүдделі емес.

Зеленский НАТО елдерінің басшыларымен талқылаған мәселелердің бірі - Украинаға алысқа ұшатын зымыран, нақтырақ айтқан ATACMS зымыран жүйесін беру. Алайда бұл мәселе шешілмеген. Украина президенті келіссөзді жалғастыра беретінін білдірді.

Ол НАТО-ның 2024 жылы Вашингтонда өтетін келесі саммитіне дейін Украина жеңіске жететініне сенімді екенін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG