Accessibility links

Путин: "Вагнер" деген ұйым жоқ, бірақ оны Ресей бюджетінен қаржыландырған


Владимир Путин
Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жеке әскери тобы заң жүзінде болмағанын мәлімдеді. Ол "Пригожин бүлігі" кезінде "Вагнерді" толығымен мемлекет қаржыландырғанын айтқан еді.

"Коммерсантъ" тілшісіне берген сұқбатында Путин "Вагнер" жетекшісі Пригожинмен кездескенін растаған. Сөзіне қарағанда, Путин "Вагнердің" ұрыс алаңындағы әрекетіне және "24 маусымдағы оқиға барысына" ("Пригожин бүлігі") баға беріп, олардың қызметінің әрі қарай қалай болатынын айтқан.

"Вагнер" әскери жасақ болып қала бере ме?" деген "Коммерсантъ" тілшісінің сұрағына Путин "жоқ" деп жауап беріп: "Бізде жекеменшік әскери ұйым туралы заң жоқ. Болған емес!" деген.

Осыдан бірнеше апта бұрын Ресей президенті "Вагнер" әскери жекеменшік компаниясын толығымен мемлекет қаржыландырғанын айтқан еді. Путиннің сөзінше, "Вагнерге" мемлекет бюджетінен 86 миллиард рубль бөлінген.

"Коммерсантъ" тілшісіне "Ондай топ бар, бірақ заң жүзінде жоқ" деген Путин "оны өз алдына мәселе" деп қайырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG