Йоханнесбургте өтетін БРИКС саммитіне Оңтүстік Африка республикасының, Ресейдің, Үндістанның, Қытай мен Бразилияның басшылары келеді. Мұны Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамапоса айтты деп хабарлайды Eyewitness News радиостанциясы.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, Ресей президенті Путиннің қандай форматта қатысатыны әзірге белгісіз.
Алайда Оңтүстік Африка республикасының вице-президенті Пол Машатиленің Mail & Guardian газетіне берген сұқбатына қарағанда, Оңтүстік Африка президентінің Ресей делегациясына сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастап келсін деген өтінішін Ресей қабыл алмаған.
- Биыл наурыз айында халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді қамауға алу жөнінде ордер берген. Оңтүстік Африка республикасы халықаралық қылмыстық соттың шешімін орындауға міндетті Рим статутына қол қойған елдердің бірі.
- Мамырда Оңтүстік Африканың Sunday Times басылымы ОАР Путинге БРИКС саммитіне келмей-ақ қою жөнінде өтініш айтқанын хабарлаған.
- Bloomberg дереккөздері ОАР билігі Путинді қамауға алу жөніндегі ордерден айналып өтудің барлық амалын қарастырып жатқанын жазған.
- ОАР Ресейдің Украинағы басып кіргенін айыптамай, нейтралитет сақтағысы келетінін мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР