Accessibility links

Минск соты Лукашенконың "ар-намысына тиген" Польша азаматын үш жылға соттап, колонияға жіберген


Александр Лукашенко
Александр Лукашенко

Минск қаласының соты Польшаның 54 жастағы азаматы Роберт Томпаланы Беларусьтің авторитар жетекшісі Алексендр Лукашенко мен билік өкілінің ар-намысына тиді деген айыппен соттап, үш жыл колонияға жіберген. Бұл жөнінде "Вясна" құқық қорғау жобасы хабарлады.

Құқық қорғаушылардың ақпаратына қарағанда, Польша азаматы "экстремистер тізіміне" енгізілген. Оған қандай іс бойынша айып тағылғаны жарияланбаған.

"Медиазона Беларусь" мәліметіне қарағанда, Беларусь елінде 1990 жылдардан бері тұратын Роберт Томапала кондитерлік бұйымдар жеткізумен шұғылданатын "ОрионСвит" компаниясының тең құрылтайшысы.

Бұрын Беларусь соты поляктар одағы ұйымының белсендісі, журналист Анджей Почобутаны сегіз жылға соттап жіберген. Оған ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекет жасады, өшпенділік туғызды деген айып тағылған.

Rzeczpospolita басылымының ақпаратына қарағанда, белсендінің үстінен қозғалған қылмыстық іс эпизодтарының арасында "совет өкіметінің Польшаға агрессиясы туралы әңгімесі", 2020 жылы қарсылық ақциясын қуып-тарату туралы Gazeta Wyborcza газетіндегі мақаласы және коммунистік режимге қарсы Гродненск облысындағы поляктардың астыртын ұйымының командирі туралы 2006 жылғы материалы бар.

Анджея Почобутаны 2021 жылы Гроднода қамауға алған. Полиция бұл күні поляктар одағының өзге де белсенділерін тексерген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG