Шілденің 15-не қараған түні Ресей әскері Украинаға алты "Шахид" дронымен шабуыл жасаған. Мұны Украина әуе қорғанысы күштерінің басшылығы хабарлады.
Бұл ақпаратқа қарағанда, Украина әуе қорғанысы алты дронның төртеуін атып құлатқан.
Запорожьеде Ресей әскерінің шабуылынан 63 жастағы жергілікті тұрғын жараланып, ауруханаға түскен. Запорожье қалалық кеңесі хатшысы Анатолий Куртев дрон шабуылы инфрақұрылымды зақымдап, көп қабатты төрт үйдің терезесін сындырғанын хабарлады.
"Ресейдің үш "Шахид" дронын Николаевск облысының әуе қорғанысы атып түсірді" дейді осы облыстың басшысы Виталий Ким.
Украинаның Сумск, Полтава, Харьков, Днепропетровск және Донецк облыстарында дабыл қағылған.
ПІКІРЛЕР