Accessibility links

Қырым көпірінде тағы жарылыс болды


Жарылыс болған Қырым көпірі. 8 қазан 2022 жыл
Жарылыс болған Қырым көпірі. 8 қазан 2022 жыл

Дүйсенбіге қараған түні Ресей мен аннексияланған Қырым түбегін жалғап тұрған Керчен көпірінде "төтенше оқиғаға" байланысты қозғалыс тоқтаған. BBC-дің Орыс қызметі таратқан хабарға қарағанда, көпір маңынан екі жарылыс естілген.

Ресейдің көлік министрі Қырым көпірінің автомобиль жолағы ғана зақымданды деп хабарлады. Кейбір дереккөздер көпірдің тірегіне нұқсан келгенін айтып жатыр.

Көпірге параллель жүріп жатқан паром өткелі де жабылған. Қырым көпірінің алдында бірнеше шақырымға жететін кептеліс пайда болған. Ресейдің көлік министрлігі мен аннексияланған Қырым билігі Қырымға Украинаның майдан шебіне жақын құрлықтағы жерімен баруды ұсынған. Бұл жерді де Ресей басып алған.

Қырым көпірінде 2022 жылы 8 қарашасында да жарылыс болған. Ол кезде жарылғыш зат тиеген көлік көпір үстінде жарылған. Биыл мамыр айында ғана қайтадан толық іске қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG