Accessibility links

Екі күндегі екі жол апаты: Түркістан облысында 9 адам, Атырау облысында 7 адам өлді


Көрнекі сурет

Қазақстанның Атырау және Түркістан облыстарында екі күнде екі ірі жол апаты болып,барлығы 16 адам өлді.

Бүгін, 17 шілдеде Түркістан облысы Шаян ауылы маңындағы Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктері соқтығысқан. Апаттан 9 адам өліп, 13 адам ауруханаға түсен. Екі адам медициналық көмектен бас тартқан.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы полициясының ақпаратына қарағанда, көліктердің бірі қарсы бетке шығып кеткен.

Кеше, 16 шілдеде Атырау облысында да осыған ұқсас ірі жол апаты болып, 7 адам өлген. Атырау облысы полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, "Доссор-Құлсары-Бейнеу" тас жолының 82-шақырымында қарама-қарсы келе жатқан Chevrolet Cobalt көлігі мен Toyota Ipsum көлігі соқтығысқан.

Апаттан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған, жараланған 2 жолаушы Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілген.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда 13 930 көлік апаты болған, 2 425 адам өліп, 19 135 адам жараланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG