Accessibility links

Астана, Алматы, Көкшетау әкімдіктері Украинаны қолдау митингісіне рұқсат бермеді


Алматыдағы Украинаны қолдау митингісі. 2022 жылғы наурыз айы.
Алматыдағы Украинаны қолдау митингісі. 2022 жылғы наурыз айы.

Астана, Алматы және Көкшетау әкімдігі Украинаны қолдау митингін өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы "АктивистыНеЭкстремисты" бақылау тобы хабарлады.

Митингіні тіркелмеген "Алға, Қазақстан" қозғалысының жақтастары ұйымдастырмақ болған.

Белсенділер 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 тамызда Украинаны қолдау митингісін өткізгісі келген. Бақылау тобының хабарлауынша, әкімдіктер барлық күнге рұқсат бермеген.

Астана әкімдігі митинг өткізуды ескертуде ақпарат толық емес деген. Алматы әкімдігі бұл тақырыпта митинг өткізу қоғамға қауіп төндіретінін айтқан. Көкшетау әкімдігі митинг өткізуді жоспарлаған күндерге басқа шаралар жоспарланған деп мәлімдеген.

Ресей Украинаға басып кіргелі Қазақстанда белсенділер соғысқа қарсы митинг өткізуге тырысқан, бірақ билік рұқсат бермеген. 2022 жылы наурызда Алматы әкімдігі Украинаны қолдауға митинг өткізуге рұқсат беріп, бұл шараға мыңдаған адам жиналған.

Қазақстандық құқық қорғаушылар "соғыс басталғалы Қазақстан билігі Украинаны қолдау үшін жоспарланған 108 митингіге рұқсат етпеді" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG