Accessibility links

Дағыстан Испанияға кетіп, "әлем азаматына" айнала салған Исинбаеваның атын стадионнан алып тастамақ


Еоена Исинбаева
Еоена Исинбаева

Дағыстан басшысы Сергей Меликов Махачкала стадионынан биікке секіруден екі мәрте олимпиада чемпионы Елена Исинбаеваның атын алып тастау керектігін мәлімдеді. Стадионға тамыры Дағыстанмен байланысты Исинбаеваның аты берілген. Бұл жөнінде Кавказ.Реалии хабарлады.

Меликовтің мәлімдемесіне Исинбаеваның Испанияға кетіп, өзін "әлем адамы" деп жариялағаны себеп болған. Бұрын Исинбаева Ресей президенті Владимир Путиннің сенімді өкілі болған.

Меликовтың сөзінше, 2017 жылы "Труд" стадионына Исинбаеваның аты берілгенде асығыстық болған, қала тұрғындарының пікірі ескерілмеген. Шенеунік "Исинбаеваның Дағыстанға қатысы болмағанын" атап айтқан.

Меликовтің сөзінше, стадионның жаңа атауын дағыстандықтардың өздері таңдағаны дұрыс.

Бұған дейін Исинбаеваның Халықаралық олимпиада комитетіндегі жұмысын қайта жалғастыратыны мәлім болған. ХОК оның Украинадағы соғыс туралы сөзін тексерген. Тексеріс аяқталғанын әлеуметтік желіде хабарлаған Исинбаева "Мен әлем адамымын, бұрын да солай болғанмын, солай қала беремін" деп жазды.

  • Ресей Украинаға жаппай басып кірген соң Украина президенті Владимир Зеленский Елена Исинбаеваны санкция тізіміне қосқан. Оның сөзінше, Ресей билігінің агрессиялық саясатын Исинбаеваның қолдап келе жатқанына көп болған.
  • 2012 жылы өткен президент сайлауында Исинбаева Владимир Путиннің сенімді өкілі болғаны, 2020 жылы қаңтарда Ресей конституциясын өзгерту жөніндегі жұмыс тобына кіргені мәлім. Конституциялық өзгерістер Путинге тағы да екі рет президент сайлауына қатысуға мүмкіндік берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG