Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын (МАЭК) жөндеу үшін Қазақстан үкіметі резервінен 4,9 миллиард теңге бөлінді. Үкімет баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, бұл қаражатты Маңғыстау облысының әкімдігі сұраған.
МАЭК өзіне қажетті құрал-жабдықтар тізімін берген.
3 шілдеді МАЭК-те, сонан соң Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болып, Маңғыстау және Атырау облыстарында мыңдаған адам ауызсусыз қалған. Электр жарығы өшіп, мұнай кәсіпорындары тоқтаған.
МАЭК құрал-жабдықтарының 80 пайыздан астамы тозғаны туралы сол кезде айтылған.
ПІКІРЛЕР