Accessibility links

Жоғарғы сот Сарыағашта 5 жасар қыздың өліміне күдіктіні бұрын жеңіл жазалаған судьяны қызметінен босатуды ұсынған


Бес жасар сәбиді жерлеуге әкетіп бара жатқан ауыл тұрғындары. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылы. 14 шілде, 2023 жыл

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрқазы Шетеновті қызметінен бостау туралы Жоғарғы сот кеңесіне ұсыныс берілген. Бұл жөнінде Азаттыққа Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл хабарға қарағанда, 13 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында бес жасар қызды өлтірді деген күдікті бұрын да адамды балтамен ұрып, ауыр жаралағаны үшін қылмыстық іске тартылғанда судья Нұрқазы Шетенов жеңіл жаза белгілеп, 3 жылға бостандығын шектеген.

"Заңсыз үкім шығарылғаны жөнінде тексеріс жүрді. Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы Жоғарғы сот кеңесіне ұсыныс берілді" дейді Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Қазақстанда судьялар мен сот төрағаларын президент тағайындайды және босатады.

13 шілде күні түсте Жібек жолы ауылында өз үйінің ауласында ойнап жүрген бес жасар қыздан ата-анасы әп-сәтте көз жазып қалған. Туыстары мен ауыл тұрғындары бірнеше сағатттан соң көршісінің шатырынан денесін тапқан.

Осыдан соң ауыл адамдары наразылық білдіріп, күдіктіні өздеріне беруді талап еткен. Ауылды полиция күзетіп, екі күн интернет ажыратылған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне Сарағаштағы бес жасар қыздың өліміне байланысты оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған.

Ақорда мәліметінше, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталған. Ал биыл "адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін" бостандығы 3 жылға шектелген.

14 шілдеде Бас прокуратура күдіктіге берілген "бостандығын 3 жылға шектеу жазасын" өзгерту жөнінде кассациялық наразылық келтірілгенін, пробациялық бақылау қызметіне тексеріс басталғанын хабарлады.

15 шілдеде Түркістан қалалық соты күдіктіні екі айға қамауға санкция берді. Ол Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" және "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабымен күдікке ілінген.

"Біз бұдан бұрын ауыр қылмыс жасаған адамға жазаны жеңілдетіп, бостандыққа жіберген судьяларды жұмыстан босатуды және жазалауды сұраймыз" деген еді.

Сарыағашта 5 жасар қыздың қазасынан соң ауыл дүрлікті
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:23 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG