Accessibility links

Путин Йоханнесбургтегі БРИКС саммитіне бармайды


Йоханнесбургтегі БРИКС саммиті. 26 шілде 2018 жыл.
Йоханнесбургтегі БРИКС саммиті. 26 шілде 2018 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин тамызда Йоханнесбургте өтетін БРИКС саммитіне бармайды. Путиннің орнына Ресей делегациясын сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастап бармақ. Бұл туралы Оңтүстік Африка республикасының (ОАР) президенті Сирил Рамапоса мәлімдеді.

ОАР президентінің сайтындағы хабарламада Путин екіжақтың келісімі бойынша саммитке қатыспайды деп жазылған. БРИКС-ке мүше басқа елдер – Қытай, Бразилия, Үндістан және ОАР басшылары саммитке қатысады.

Халықаралық қылмыстық сот Путинді Украина балаларын Ресейге заңсыз әкетті деп айыптап, оны қамауға алу туралы ордер шығарған еді. ОАР – Рим статутына қол қойған елдердің бірі. Бұл келісімге сай, ЮАР халықаралық соттың шешімін орындап, Путинді тұтқындауы тиіс.

ОАР басшысы осыған дейін халықаралық сот басшысынан Ресей президентін тұтқындамауға рұқсат сұрағанын айтқан еді. Сирил Рамапоса Путинді тұтқындау Ресейге соғыс ашумен тең деп мәлімдеген.

ОАР вице-президенті Пол Машатиле бірер күн бұрын журналистерге "Путиннен Йоханнесбургтегі саммитке келмей қоюын өтіндік" деген еді. Оның айтуынша, Мәскеу Ресей делегациясын Лавров бастап келгеніне қарсы болған.

Шараны ұйымдастырушылар саммитті Қытайға ауыстыруды қарастырған еді, бірақ бұған Үндістан мен Бразилия қарсы болды.

Кремль Ресей президентінің саммитке қатысу форматы әлі анықталған жоқ деп мәлімдеген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG