Accessibility links

АҚШ Украинаға құны 1,3 миллиард долларға тең кезекті әскери көмегін ұсынды


NASAM
NASAM

Сәрсенбі күні АҚШ қорғаныс министрлігі Украинаға құны 1,3 миллиард долларға тең жаңа әскери көмек пакетін жариялады. Бұл жолғы көмекте қару-жарақты Пентагонның қоймасынан Украинаға тікелей тасу мәселесі ғана емес, Украинаға арнап қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірісіне үшін тапсырыс та қамтылған.

АҚШ қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда, жаңа көмектің ішінде төрт NASAMS зенит-зымыран кешені, артиллерия снарядтары, ПЗРК зымырандары, дрондар, Switchblade камикадзе-дроны, тягачтар мен өзге де әскери құрал-жабдықтар бар.

Бұған дейінгі әскери көмегін АҚШ шілденің жетісіне жариялаған. Оған алғаш рет кассеталы оқ-дәрі кірген. Кейін оның Украинаға жеткізіліп те қойғаны мәлім болған. Әзірге Украинада қолданылғаны туралы ақпарат жоқ.

Ресей жаппай басып кіргелі бері АҚШ Украинаға 40 миллиард доллардан астам сомаға әскери көмек берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG