Accessibility links

Өз елінің Украинаға жасаған агрессиясын айыптаған бұрынғы әскери қызметкердің үстінен іс қозғалған


Тимофей Руденко
Тимофей Руденко

Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясын айыптаған бұрынғы әскери қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғап, "террор жасауға шақырды" деп айыптаған. Мұны әскери қызметкердің анасы Юлия Руденконың сөзіне сілтеп, "Холод" басылымы хабарлады.

Тимофей Руденконы бұған дейін Мәскеу соты сегіз рет әкімшілік жазаға тартып, 15 тәулікке қамаған. Оған ұсақ бұзақылық жасады, қоғамдық орында балағат сөз айтты деп айыптаған.

  • Тимофей Руденко бірнеше жыл бұрын әскер қатарынан босаған. Ресейдің Украинаға агрессиясын айыптап, әлеуметтік желіге пост жазып, пікір қалдырған.
  • Оны алғаш рет 2022 жылы мамыр айында қамаған. Руденконың сөзінше, полицейлер оны "теракті жасауды жоспарладың" деп айыптап, мойындатпақ болған. Көнбеген соң "полиция талабына бағынбады" деп 10 тәулікке қамаған. Осыған ұқсас жағдай бірнеше рет қайталанған. Әкімшілік жаза мерзімі аяқталып, қамаудан шыққан сәтте қайта ұстап, тағы да қамаған.
  • Руденко абақтыда ұрып, тоқпен соғып қинаған, зорлық-зомбылық жасаймыз деп қоқан-лоқы жасаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG