Accessibility links

Ресей Украинаның Одесса қаласын қатарынан төрт түн атқылады


Одесса портында астық тиеліп жатқан сәт. Архив фотосы
Одесса портында астық тиеліп жатқан сәт. Архив фотосы

Шілденің 21-іне қараған түні Ресей Украинаның Одесса қаласын "Калибр" зымыранымен атқылады. Екі адам жараланған. Бұл жөнінде облыстық әкімшілік басшысы Олег Кипер хабарлады.

Оның мәліметіне қарағанда, зымыран Одесса облысындағы астық терминалдарының біріне түскен. 100 тонна бұршақ пен 20 тонна арпа жарамсыз болып қалған.

Украина қарулы күштері "Оңтүстік" жедел басқару тобының өкілі Наталья Гуменюктің хабарынша, "Калибр" зымыраны Қара теңіздегі корабльден жіберілген. Оның сөзінше, зымыранды төмен және күрделі бағытпен ұшырғандықтан атып түсіру мүмкін болмаған.

  • Ресей Украинаның Одесса қаласының портындағы инфрақұрылымды атқылап жатқанына төртінші күн. Ресей мұны Қырым көпірі үшін кек қайтару деп санайды.
  • Ресей бұған дейін Украина астығын Қара теңіз арқылы экспорттауға мүмкіндік беретін "астық келісімінен" де шығып, мұнан былай Қара теңіздегі кемелердің бәрі нысанаға айналатынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG