Accessibility links

Ақтөбе облысында үш қыз суға батып кеткен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында кәмелетке толмаған үш қыз суға батып кетті. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдай басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Аралтоғай ауылынан үш шақырым қашықтықтағы Ырғыз өзенінде үш қыздың шомылуға тыйым салынған жерде суға батып кеткені жөнінде хабар құтқару қызметіне 21 шілде сағат 16:45-те келіп түскен.

"Оқиға орнынан куәгерлер 2007 және 2011 жылғы туған балалардың денесін судан шығарған. 2013 жылғы туған қыз баланың денесін жедел құтқару жасағының құтқарушылары сағат 21:32-де жағадан 10 метр қашықтықта 6 метр тереңдіктен денесін судан шығарды" деп жазылған хабарламада.

Суға тұншығып өлген үш қыздың екеуі Әйтеке би ауданының тұрғындары, үшіншісі Ырғыз ауданынан қонаққа келген. Шомылу кезінде біреуінің анасы қастарында болған.

Жаз басталғалы бері Ақтөбе облысында 11 адам суға батып кеткен, 9-ы - бала.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG