Accessibility links

Донецк облысында бір тәулікте Ресей соққысынан алты бейбіт тұрғын опат болды


Донецк облысындағы Нью-Йорк ауылы.
Донецк облысындағы Нью-Йорк ауылы.

Украинаның Донецк облысы әкімшілігінің жетекшісі Павел Кириленко соңғы тәулікте облыстың Украина бақылауындағы бөлігінде Ресей соққысынан 6 адам опат болғанын, 5 адам жараланғанын хабарлады.

Бұған дейін Дружба ауылында екі бала мерт болғанын президент Владимир Зеленский хабарлаған. Нью-Йорк ауылында авиасоққының нәтижесінде төрт тұрғын қаза болған.

22 шілдеге қараған түні Ресей Украинаның Днепропетровск және Кировоград облыстарын атқылады, деп хабарлады аймақ билігі.

Днепропетровск облыстық әкімшілігінің жетекшісі Сергей Лысактың айтуынша, Ресей әскері Никополь қаласын екі рет атқылаған. Біріншісінде үш адам зардап шеккен. 57 және 78 жастағы екі адам орташа дәрежеде жарақат алған. 8 жеке үй мен 9 қора-жай бүлінген.

Екінші шабуылдан ешкім зардап шекпеген, өнеркәсіп орны бүлінген. Артиллериядан бөлек, Ресей Никопольге қарсы дрон да қолданған, ол атып түсірілді, деп жазды Лысак.

Дрондар шабуылы туралы Кировоград облысының жетекшісі Андрей Райкович те хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Үйлер қирамаған.

Ресей шабуылға түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG