Accessibility links

Одессада Преображенский соборына снаряд түсті


Жексенбіге қараған түні Ресей армиясы Украинаның Одесса қаласына шабуыл жасады. Бұл жөнінде облыстың әскери әкімшілігінің жетекшісі Олег Кипер хабарлады.

"Думская" басылымы қала ортасындағы Преображенский соборына снаряд түскенін жазды. Ол жерде өрт басталған.

Жарылыс болғаны туралы алғашқы хабар түнгі сағат 1-лер шамасында түсе бастаған. Билік тұрғындарды сыртқа шықпауға үндеп, әлеуметтік желіге сурет жарияламауға шақырды.

Кейін қаланың әр түрлі бөлігінен жарылыс пен өрт туралы ақпараттар түсе бастады.

Ресей оқиғаға түсініктеме бермеді.

  • Одессадағы Преображенский соборы – іргетасы 1794 жылы қаланған ірі православ храмы. 1936 жылы оны большевиктер жарған. 1999 жылы қайырымдылыққа түскен ақша есебінен қайта жөндеуден өткізілген. 2010 жылы Одесса епархиясының қарамағына берілген. Соборда князь Михаил Воронцовтың қабірі бар.
  • Одесса мен айналасындағы елді мекендерге шабуыл 17 шілдеден кейін үдеген. Сол кезде Қара теңіз порттарынан украин астығы мен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін қауіпсіз дәлізбен қамтамасыз етуге міндетті Ресей астық келісімінен шығатынын жариялаған. Украина ақпарат құралдарының жазуынша, Қара теңіз портында жөнелтілуі тиіс болған шамамен 60 мың тонна астық жойылған.
  • Кремль Одессаға жасалған шабуылды 17 шілдеде Қырым көпіріне жасалған шабуылға "жауап" деп атаған.
XS
SM
MD
LG