Accessibility links

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ауруханаға түсті


Биньямин Нетаньяху.
Биньямин Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 22 шілде кешкісін Тель-Авивтегі "Шеба" клиникасына жатқызылды. Ол жүрек соғысын реттейтін кардиостимуляторға қосылған. The Jerusalem Post басылымының жазуынша, операция сәтті өткен. Израиль парламентіндегі сот реформасына қатысты дауыс беруге үлгеру үшін Нетаньяху ауруханадан өзін дүйсенбі күні шығарады деп үміттенеді.

Депутаттар дауыс беретін сот реформасы Израильде жаппай наразылыққа себеп болды. Реформаны сынаушылар жаңа өзгерістер сот тәуелсіздігін жойып, соттың үкіметті бақылауын азайтады деп санайды. Ал Нетаньяху мен одақтастары – әсіреұлтшылдар мен әсіреортодокс партиялар реформа соттардың "шамадан асып кеткен" өкілетін шектеу үшін қажет дейді.

Аталған реформа жобаларына қарсылық наурызда басталған. 26 наурызда көшеге 600 мың адам шықты. Елде жаппай ереуіл жарияланды. Сол кезде Нетаньяху сот реформасын қарастыруды Кнессеттің жазғы сессиясына дейін шегерген. Жазда жоба қайта қарала басталғаннан кейін наразылық та қайта жалғасқан. 20 шілдеде ондаған мың азамат Тель-Авивтен Иерусалимге дейін шерулетіп жүрді. Олар парламент ғимараты алдына палаталық лагерь тікті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG