Accessibility links

Одессаның әскери комиссары "заңсыз байыды" деген күдікпен ұсталған


Евгений Борисов
Евгений Борисов

Украина мемлекеттік тергеу бюросы Одесса қаласының бұрынғы әскери комиссары Евгений Борисовтың ұсталғанын хабарлады. 51 жастағы комиссар "соғыс жағдайында әскери қызметтен жалтарды", "заңсыз байыды" деген күдікке ілінген. Қылмысы дәлелденсе 10 жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін.

Борисов Одесса облыстық әскери комиссариатын 2019 жылдан басқарған. Биыл 28 маусымда Украина президенті Владимир Зеленскийдің тапсырмасымен қызметінен босатылған. Оған Испанияда құны 4,5 миллион доллардан асатын мүлкі табылғаны себеп болған.

Журналистер мәліметіне қарағанда, 2022 жылы желтоқсанда Борисовтың отбасы Марбельеден бағасы 3 миллион доллардан асатын вилла сатып алып, анасының атына тіркеген. Борисовтың әйелі 2023 жылы Марбелье орталығынан офис сатып алған. Енесінің атына да қымбат мәшинелерді жазып қойған. "Украинская правда" басылымына жарияланған материалдан кейін қызметінен алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG