Accessibility links

Навальныйдың жемқорлықпен күрес қоры Шойгудың бұрынғы кеңесшісі Еуропа аралап жүргенін анықтаған


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу

Ресей қорғаныс министрінің бұрынғы кеңесшісі Мария Китаева қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Ивановқа тұрмысқа шығып, Ресей әскері Украинаға басып кірген соң Еуропада саяхаттаған. Мұны Ресейдің оппозициядағы саясаткері Алексей Навальный 2011 жылы құрған жемқорлықпен күрес қоры анықтаған. Навальный серіктерінің сөзінше, олардың қолына Китаева поштасының 17 жылдағы толық архиві түскен.

Китаева 2012 жылға дейін "Звезда", "Россия 24" телеарналарында жұмыс істеп, одан кейін Мәскеу облысы губернаторының ақпарат технологиясы бойынша кеңесші қызметтерін атқарған. Мәскеу облысының губернаторы Сергей Шойгу Ресей қорғаныс министрі болған соң Китаеваны өзіне көмекші етіп алған.

2014 жылы Путиннің жарлығымен оған генерал-майор шенімен тең келетін мемлекетік кеңесші дәрежесі берілген. Қазір Китаева Мәскеудегі Третьяков галереясы директорының кеңесшісі. Китаева Канаданың санкция тізіміне ілінген.

2020 жылы "Медиазона" журналистері Китаеваның қорғаныс министрінің орынбасары Юрий Садовенкодан үш баласы бар екенін, бірақ некелеспегенін анықтаған. Кейін Китаева Садовенкодан кетіп, Ивановқа күйеуге шыққан.

Жемқорлықпен күрес қорының мәліметтеріне қарағанда, Китаева жыл сайын жазда Италияның Тоскана қаласы мен өзге де шетелдерге барып демалған. 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргенде Лондонда болған. Кейін Италия мен Венгрияға бірнеше рет ұшып барған. Соңғы рет таяуда ғана - шілде айында барып қайтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG