Accessibility links

Жарты жылда 87 мың тәжік Ресей азаматтығын алған


2023 жылдың алғашқы жарты жылында 87 мың тәжікстандық Ресей төлқұжатын алған.

Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 13 мың адамға көп. Күніне шамамен 500 тәжікстандық Ресей азаматтығын алады.

Ресей төлқұжатын алу жағынан украин азаматтары екінші орында тұр. Жарты жылда 39 мың украин төлқұжатын ауыстырған.

Ресей ІІМ мәліметінше, дегенмен шетелдіктер арасында Ресей азаматтығын алушылар азайған. Биыл соңғы жарты жылда 205 мың шетелдік Ресей азаматтығын алған, былтыр бұл көрсеткіш 500 мыңнан асқан.

Ресми мәліметке сүйенсек, Ресей азаматтығын алушылар кейінгі үш жылда ұлғайған. Егер 2020 жылы Ресей азаматтығын 63 мыңнан астам тәжік азаматы алса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 103 мың болған. Ал былтыр азаматтық алушылар 173 мыңға жеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG