1 шілдедегі ресми мәлімет бойынша Өзбекстанда халық саны 36 млн 372 мың 300 адамға жеткен. Өзбекстанның статистика агенттігінің дәйегінше, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,2% көп.
Ресми мәлімет бойынша, халықтың 18 млн 66 мыңы – әйел, қалған 18 млн 306 мың 300-і – ер адам.
Халықтың жартысы (18 млн 557 мың 500 адам) – ауылда, қалғаны қалада тұрады.
Өзбекстан Орталық Азиядағы халқы тығыз орналасқан ел. Әлем бойынша халық көптігі жағынан 41-орында.
ПІКІРЛЕР