Accessibility links

Тәжікстанның бірқатар банктері "Юнистрим" арқылы ақша аударуды шектеді


Тәжікстанның бірқатар банктері мен микрокредиттік депозит ұйымдары АҚШ санкция салғаннан кейін "Юнистрим" ақша аудару жүйесімен жұмыс істеуді шектеді.

Олардың арасында "Амонатбанк", "Эсхат", "Арванд", "Спитаменбанк", "Алифбанке" және "Ҳумо", "Имон интернешнл" микрокредиттік ұйымдар бар.

"Алифбанк" өзге елдерге Western Union жүйесі арқылы ақша аударуға болатынын жеткізді. Бірақ мұнда күніне тек 400 доллар ғана жібере алады. Ол үшін 34 доллар сыйақы төлейді.

Осының алдында Өзбекстанның екі банкі, Қырғызстанның алты банкі және Арменияның төрт банкі мемлекеттер арасында ақша аударатын ресейлік "Юнистрим" төлем жүйесімен жұмыс істеуді тоқтатқан.

Қазақстанның "Қазпошта" ұлттық операторы мен "Нұрбанк" те бұл төлем жүйесімен жұмыс істемейді. Грузияның Bank of Georgia және ТВС банктері мен Тәжікстанның "Ориенбанк" және "Хумо банкі" де аталған ресейлік ақша аудару жүйесін тоқтатқан.

"Юнистрим" – әлемнің 30-дан астам елінде жұмыс істеп келген Ресейдегі ең ірі ақша аудару жүйесі.

Украинада соғыс басталғаннан кейін "Юнистрим", Contact және "Золотая корона" арқылы ақша аудару бірнеше есе артқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG