Accessibility links

NYT: АҚШ Халықаралық сотқа Ресейдің әскери қылмыстары туралы мәлімет береді


Украина президенті Владимир Зеленский және Халықаралық сот төрағасы Петр Хофманьский. Гаага, мамыр 2023 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский және Халықаралық сот төрағасы Петр Хофманьский. Гаага, мамыр 2023 жыл.

АҚШ алғаш рет Халықаралық қылмыстық сотпен әріптестік орнатайын деп отыр.

АҚШ президенті Джо Байден мемлекеттік қызметтерге Ресейдің Украинадағы әскери қылмыстарына дәлел жинау бойынша Халықаралық қылмыстық сотқа (ХҚС) көмектесуге бұйрық берді. Бұл жөнінде үкімет шенеуніктеріне сүйенген New York Times басылымы жазды.

Халықаралық қылмыстық сот туралы келісімге қосылмаған АҚШ бұған дейін ХҚС-мен әріптестік орнатудан бас тартып келген, себебі мұндай әріптестік Вашингтонның аталған сот юрисдикциясын мойындағаны болып саналуы мүмкін деп есептеген. Ал бұл іс жүзінде америкалық әскери қызметкерлерді қудалауға жол ашуы мүмкін деп саналып келген.

Басылымның жазуынша, Пентагон жетекшісі Ллойд Остин президенттің бұл шешіміне қарсы болған. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және көптеген конгресмендер Ресейдің Украинадағы әскери қылмысын зерттеуге көмектесу қажет деп санайды.

Ақпаратқа қарағанда, Америка барлау қызметінің қолында Ресей басшыларының Украинаның азаматтық нысандары мен украин балаларын Ресейге күштеп депортациялау туралы шешімдеріне қатысты егжей-тегжейлі ақпарат бар. ХҚС Путинді тұтқындауға ордерді украин балаларын күштеп депортациялау туралы шешімге қатысы бар деген айып негізінде шығарған.

Ақ үй әзірге президенттің шешіміне қатысты ресми түрде мәлімдеме жасаған жоқ және АҚШ пен ХҚС арасындағы әріптестік туралы да айтпады. Сенаттың заң комитетінің жетекшілері демократтар Ричард Дурбин және Линдси Грэм Байденнің шешімін жылы қарсы алды.

"Украинадағы хайуандық әрекеттерге кінәлілерді жауапқа тарту үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге тиіспіз. Осылайша украин достарымызға көмектесеміз және АҚШ мұндай қылмыстарға төзбейтінін Путинге ұғындыруға тиіспіз" деп жазылған сенат депутаттарының мәлімдемесінде.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG