Accessibility links

Ресей Одесса облысындағы портқа соққы жасады


Бейсенбіге қараған түні Ресей Украинаның Одесса облысына тағы ракетамен соққы жасады. Шабуылдаушылар порт инфрақұрылымдарын нысанаға алған. Бұл жөнінде облыстың әскери әкімшілігінің жетекшісі Олег Кипер мәлімдеді.

Украиналық "Оңтүстік" басқармасының мәліметінше, ресейлік екі қанатты "Калибр" зымыраны Қара теңіз акваториясындағы сүңгуір қайықтан ұшырылған. Оларды атып түсіру мүмкін болмаған. Нәтижесінде жүк терминалдарының бірі бүлінген, күзет ғимараты мен екі көлік жойылған. Нысан күзетшісі қаза болды, деп хабарлады Украина әскері,

Украина қарулы күштерінің әуе күштері де бейсенбіге қараған түні Ресей әскері Украина аумағына 8 "Шахед" дрондарын жібергенін хабарлады. Олардың барлығы атып түсірілген.

Ресей армиясы 18 шілдеден бері Одесса мен Одесса облысына соққы жасаумен келеді. Оның алдында Ресей астық келісімінен шыққан. Украина билігі "Мәскеу астық экспортын тоқтатқысы келеді" деп санайды. Ресей өз әрекетін 17 шілде Қырым көпіріне жасалған шабуылға "жауап" деп атады.

XS
SM
MD
LG