Accessibility links

Алтайда тікұшақ апатынан төрт адам қаза болды


Ресейдің Алтай аймағында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам мерт болып, 10 адам зардап шекті. Төртеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы "Интерфакс" жазды.

Бастапқыда 16 адамның алтауы опат болғаны хабарланды, кейінірек мерт болғандар төрт адам екені анықталды: қаза болды деп саналған екі адам өздігімен апат орнынан кетіп, жергілікті ауруханаға жеткен.

Апатқа электр сымдары себеп болғаны хабарланды. Мәліметке қарағанда, тікұшақта туристердің тобы болған.

Жалпы бортта 16 адам болған, олардың үшеуі экипаж мүшелері. Тікұшақ Түнгүр ауылына қонып жатқанда электр сымдарына ілініп, құлаған.

Тергеу комитеті апатты жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тікұшақ "Алтай авиа" компаниясына тиесілі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG