Accessibility links

Ресей билігі Мәскеуге "шабуыл жасамақ болған" дронды атып түсіргенін хабарлады


Мәскеу мэрі Сергей Собянин жұмаға қараған түні қалаға дронмен шабуыл жасау талпынысы болғанын мәлімдеді.

"Жау жақтың түнгі дрон шабуылының алдын алдық, қорғаныс министрлігі оны атып түсірді. Ешкім зардап шеккен жоқ" деп жазды Собянин Телеграмда.

Дронның қайдан келгені және қайда атып түсірілгенін Мәскеу мэрі нақтылаған жоқ.

Ресей қорғаныс министрлігінің айтуынша, атып түсірілген дрон Мәскеу түбіндегі нысандарға шабуыл жасамақ болған. Ведомство мұны "террористік шабуыл" деп атап, ешкім зардап шекпегенін және ештеңе қирамағанын айтты. Хабарламада басқа ақпарат айтылмайды.

Кейінгі айларда дрондар Мәскеудің түрлі аудандарына, тіпті Кремльге де жеткен. Шілде айының өзінде осымен Мәскеуге дронмен "үшінші рет шабуыл" жасалып отыр. 24 шілдеде бір дрон бизнес орталығына түсіп, екіншісі қорғаныс министрлігі ғимараттарының біріне құлаған. Собянин сол кезде де ешкім зардап шекпегенін айтқан.

Ресей билігі дрондар шабуылына Украинаны кінәлайды. Киев "Мәскеуге жасалған дрон шабуылына" қатысты ресми түрде түсініктеме бермейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG