Ресейдің Архангельск облысы Мирный елді мекенінде полиция екі баланы тергеуге шақырған. Олардың анасы Лидия Прудовская "армия беделіне қайтара нұқсан келтірді" деген күдікке ілінген. Бұл жөнінде ол Sota басылымына айтқан.
Полицияға шақыру қағазында 9 жастағы Алисия мен 10 жастағы Евгенийге дүйсенбі, 31 шілдеде жергілікті тергеушіге құжаттарымен баруға тиіс екені жазылған. Прудовскаяның өзіне де шақыру берілген, алайда күдікті ретінде берілген.
Бірнеше күн бұрын Прудовскаяға үйін тінтетіні туралы сот қаулысының көшірмесі берілген. Тінту әзірге жүргізілмеген. Прудовская былтыр қыркүйек те "Вконтакте" желісінде соғысқа қарсы жазбасы үшін "армия беделіне нұқсан келтіру" бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылған.
Оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр. Ресей заңнамасына сәйкес, 14 жасқа дейін баласы барларға бұл жазаны жеңілдететін жағдай ретінде қаралады және жаза өтеуді кейінге шегеруге де негіз болуы мүмкін.
- Украинаға басып кіргелі бері Ресей билігі елде соғысқа қарсы шыққандарды қудалай бастады. "ОВД-Инфо" есебінше, соғысқа қарсы шыққаны үшін кемінде 638 адамға іс қозғалған, 101-і "қайтара нұқсан келтірді" деп айыпталған.
ПІКІРЛЕР